Байден АҚШ Ресейден мұнай мен газды импорттауға тыйым салатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Darrian Traynor/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден видоеүндеу жасап, АҚШ Ресейден мұнай мен газды импорттауға тыйым салатынын мәлімдеді. Президенттің сөзінше, бұл шешімді екі партияда қолдаған, деп хабарлайды РИА Новости.

"Бұл конгресстегі екі партияның және бүкіл елдің тарапынан қолдау тапқан шешім деп ойлаймын", - дейді мемлекет басшысы.

Байденің сөзінше, АҚШ Еуропадағы одақтастарының бәрі бұл шешімге (Ресейден энергия импорттау-ред.) қосыла алмайтынын түсінеді.

"Көпшілігі жасай алмайтын қадамды біз жасаймыз", - дейді Джо Байден.

Осы ретте, ол Ресейге салынған санкциялар салдарынан АҚШ-та бензин бағасы көтеріліп жатқанын мойындады.

Айта кетейік, бұған дейін McDonald’s жылдам тамақтану мейрамханалар желісі Ресейдегі 850 мейрамханасын және Украинадағы 100 мейрамханасын уақытша жабатынын хабарлаған еді.

Компанияның бас директоры Крис Кемпчинскидің сөзінше, мейрамханалар желісінің жабылатынына қарамастан, компания екі елдегі өз қызметкерлеріне жалақы төлей береді. Ресейдегі мейрамханалар желісінде 62 мың адам жұмыс істейді.

Кемпчински компанияның уақытша жабылуын Украинадағы адамдардың қайғы-қасіретіне бейжай қарап отыра алмайтынымен түсіндірді.

Одан бөлек, Coca-Cola, Pepsi және Starbucks компаниялары да Ресейде қызметін тоқтатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Universal Music те Ресейдегі қызметін тоқтатқан. Ал Bumble Inc онлайн танысуға арналған сервисі Ресей мен Беларусьте өз қосымшаларын өшірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1959772-baiden-aqs-reseiden-munai-men-gazdy-importtauga-tyiym-salatynyn-malimdedi/