Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франция Украинадағы ахуал салдарынан әлемде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін екенін ескертті

Опубликовано:

Бидай
Көрнекі фото: Pexels

Францияның ауылшаруашылық және азық-түлік министрі Жюльен Денорманди Украинадағы соғыс дүниежүзіндегі азық-түлік саласына қатер төндіріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Le Figaro.

Жюльен Денормандидің сөзінше, көптеген Жерорта теңізі елдері ресейлік және украиналық бидайдың экспортына тәуелді.

"Біз алдағы 12-18 айда азық-түлік дағдарысын болдырмауымыз керек", - дейді француз саясаткері.

Сондай-ақ, оның сөзінше, тұрақсыз жағдай, әсіресе мал азығына яғни жем-шөп бағасының қымбаттауына ықпал етуі мүмкін.

Осыған байланысты Денорманди жақын арада азық-түлік дағдарысын болдырмау үшін әрекет етуге шақырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден АҚШ Ресейден мұнай мен газды импорттауға тыйым салатынын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, McDonald’s жылдам тамақтану мейрамханалар желісі Ресейдегі 850 мейрамханасы мен Украинадағы 100 мейрамханасын уақытша жабатынын хабарлады. Дегенмен, екі елдегі қызметкерлерге жалақы төлене береді.

Компания басшысы Крис Кемпчинскидің айтуынша, қазір компанияның Ресейдегі жұмысы қашан қайта жанданатынын болжау қиын. Оның сөзінше, енгізілген санкциялар салдарынан McDonald’s азық-түлік жеткізуде қиындықтарға тап болған.

Одан бөлек, Coca-Cola, Pepsi және Starbucks компаниялары да Ресейде қызметін тоқтатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1959856-franciya-ukrainadagy-axual-saldarynan-alemde-azyq-tulik-dagdarysy-boluy-mumkin-ekenin-eskertti/

pixel