Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде бүгіннен бастап Visa және Mastercard төлем карталары жұмысын тоқтатты

Опубликовано:

Карта
Көрнекі фото: Pexels.com

Ресейде 10 наурыздан бастап Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің карталары жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Visa және Mastercard карталары бойынша трансшекаралық операциялар қолжетімсіз.

"Бұған дейін хабарланғандай "Ресей банктері шығарған Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің бүкіл карталары олардың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін Ресей аумағында қалыпты режимде жұмыс істей береді.
Олар бойынша операциялар ел ішінде Төлем карталарының ұлттық жүйесінде жүзеге асырылады және оларға санкция ықпал етпейді. Осы карталарға байланған шоттағы қаражат толық сақталады және кез келген уақытта қолжетімді", - деді Ресейдің орталық банкі.

Айта кетейік, бұған дейін. Coca-Cola, Pepsi және Starbucks та Ресейде қызметін тоқтатқанын хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, Universal Music те Ресейдегі қызметін тоқтатқан. Ал Bumble Inc онлайн танысуға арналған сервисі Ресей мен Беларусьте өз қосымшаларын өшірген.

McDonald’s жылдам тамақтану мейрамханалар желісі де Ресейдегі 850 мейрамханасын және Украинадағы 100 мейрамханасын уақытша жабатынын хабарлаған еді.

Компанияның бас директоры Крис Кемпчинскидің сөзінше, мейрамханалар желісінің жабылатынына қарамастан, компания екі елдегі өз қызметкерлеріне жалақы төлей береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1959977-reseide-buginnen-bastap-visa-zane-mastercard-tolem-kartalary-zumysyn-toqtatty/

pixel