Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Маск адамның Марсқа қашан бара алатынын айтты

Опубликовано:

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Al Drago/Bloomberg via Getty Images

Америкалық миллиардер Илон Маск адам баласы жеті жылдан кейін Марсқа бара алатынын хабарлады.

Tesla және SpaceX басшысының Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқырмандардың бірі Марсқа адамдардың қашан бара алатынын сұрады.

Өз кезегінде Илон Маск "2029" деп қысқа жауап қайырды.

Кейбір желі қолданушылары Илон Маск көрсеткен уақыттың "тым ерте" екенін тілге тиек етіп, "адам баласы 2050 жылдан ерте Марсқа бара алмайды" деген пікірлерін жеткізді.

Айта кетейік, екі жыл бұрын атақты өнертапқыш әрі миллиардер және оның компаниясы адамдарды Марсқа 2026 жылға дейін апаратынына сенімді болған еді.

Илон Маск "Starship әуе кемесі аталған мақсатқа жетудің кілті" деген еді. Оның көмегімен компания бір уақытта 100 адамды тасымалдайды деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1961290-ilon-mask-adamnyn-marsqa-qasan-bara-alatynyn-aitty/

pixel