Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иран жағалауында 30 адам мінген БАӘ кемесі суға батып бара жатыр (видео)

Опубликовано:

Суға батып бара жатқан кеме
Фото: t.me/rian_ru

Порт және теңіз ұйымының ақпараттық базасы ресми сайтында Біріккен Араб Әмірліктерінің теңіз кемесі Иранның оңтүстігінде суға батып бара жатқанын хабарлады.

Кемеде 30 экипаж мүшесі бар. Іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Кеме Иранның оңтүстігіндегі Эселуйе қаласының жағалауында суға бата бастаған.

Әзірге қайтыс болғандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ, кеменің ауа райының қолайсыздығынан батқаны хабарланды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жапонияның солтүстік-шығысында 7,3 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан екі адам қаза тапқанын жазған едік. Сонымен қатар, 126 адам жарақат алған.

Жер сілкінісінің эпицентрі - Тынық мұхитында орналасқан.

Жер асты дүмпулері Жапонияның шығысында сезілген және елдің солтүстік-шығысында цунами қаупін тудырған.

Салдарынан Фукусима мен Мияги префектурасының жағалауларындағы толқынның биіктігі шамамен 30 см-ге жеткен.

Аталған аудандарда тұратын жүздеген адам қауіпсіз жерлерге көшірілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1961317-iran-zagalauynda-30-adam-mingen-baa-kemesi-suga-batyp-bara-zatyr-video/

pixel