Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австралия Ресейдің 11 банкі мен мемлекеттік мекемелеріне қарсы санкция енгізді

Опубликовано:

Аустралия туы
Аустралия туы. Фото: pixabay.com

Австралия Ресейдің мемлекеттік мекемелері мен тағы 11 банкіне қарсы санкциялар салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Австралия Сыртқы істер министрі Марис Пейннің мәлімдемесінде санкция тізіміне Ресей ұлттық әл-ауқат қоры мен Қаржы министрлігі кірген.

"Ресей Орталық банкінің жуырда тізімге енгенін ескерсек, енді Австралияның санкциялары тәуелсіз қарызды шығаруға немесе басқаруға жауапты Ресейдің барлық мемлекеттік құрылымдарына әсер ететін болады", - деді Марис Пейн.

Австралия билігі Сбербанк, Газпромбанк, ВЭБ, ВТБ, Ресей ауыл шаруашылығы банкі, Совкомбанк, Новикомбанк, Альфа-Банк, Мәскеу несие банкіне қарсы шектеулер енгізген.

Пейн бұл банктер Ресейдегі барлық банк активінің 80 пайызын құрайтынын баса айтты.

Австралияның жаңартылған санкциялар тізімі ресейлік олигархтарға да әсер етті. Миллиардер Олег Дерипаска мен Виктор Вексельберг санкция салынған 41 кәсіпкер мен олардың отбасыларының қатарына қосылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың төртінші пакетін ұсынған еді. Енді Ресей Федерациясының аумағына Еуропадан құны 50 мың еуродан жоғары автокөліктерді экспорттауға, сондай-ақ болат өнімдерінің бір бөлігін импорттауға тыйым салынады.

Сондай-ақ, санкция салынған жеке және заңды тұлғалардың тізімі кеңейді. Олардың қатарында Роман Абрамович, Сулейман Керимов, "Альфа-групп" негізін қалаушылар Герман Хан мен Алексей Кузьмичев, "Яндекс" басқарушы директоры Тигран Худавердян және басқалары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1961387-australiya-reseidin-11-banki-men-memlekettik-mekemelerine-qarsy-sankciya-engizdi/

pixel