Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадағы әскери операция басталғалы Ресейден 200 мыңға жуық азамат кеткен

Опубликовано:

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

Чикаго университетінің экономисі Константин Сонин Ресей Украина аумағына әскерін кіргізгеннен бастап алғашқы он күн ішінде Ресей Федерациясынан 200 мыңға жуықа азамат кетіп қалғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, олар Армения, Грузия, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияға көшкен. Бұл елдер ресейліктерге визасыз кіруге мүмкіндік береді.

Сарапшылардың сөзінше, бұл көрсеткіш украиналық 2,8 млн босқынмен салыстырғанда көп емес.

Мамандар Ресейден дүние-мүлкі, көліктері мен қаражаты бар адамдар кетіп жатқанын хабарлады.

Сарапшылардың пікірінше, ресейлік ресми статистика эмиграцияның нақты пайызын айтарлықтай төмендетеді.

Мәселен, ресми дерекке сәйкес, 1992-1993 жылдары елден 1,2 млн адам кеткен. Алайда шын мәнісінде бұл сандар анағұрлым көп болуы мүмкін.

2019 жылы Вашингтон сараптама орталығы 2000 жылдан бері Ресейден 1,6-2 млн адам кеткенін хабарлады. Олардың жартысынан көбі жұмыс келісімшарты мен студенттік визаны пайдаланып, Батыс Еуропаға қоныс аударған. Қалған адамдар саяси баспана алған.

Сонымен қатар, Ресейден танымал жазушылар да кеткен. Мәселен, Владимир Сорокин Берлинде тұрады. Борис Акунин лақап атымен танымал Григорий Чхартишвили Лондонды өзінің жаңа үйі деп атайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Аустралия билігі Ресейдің мемлекеттік мекемелері мен тағы 11 банкіне қарсы санкциялар салғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1961398-resei-ukrainaga-askeri-operaciya-bastagannan-keiin-elden-200-mynga-zuyq-azamat-ketken/

pixel