Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мерзімі өтіп кеткен визамен жұмыс істеген қытайлық 120 азамат анықталды

Опубликовано:

Қытай азаматы визасыз еңбек етіп жүр
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда 120 Қытай азаматының мерзімі өтіп кеткен визамен жүргені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz жаңалықтарына сілтеме жасап.

Атырау қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері "Мигрант" жедел іс-шарасын жүргізді.

Жедел шара барысында қала аумағында заңсыз еңбек етіп келген шетел азаматтары анықталған.

"Өзбекстаннан келген 30 азаматтың құрылыс алаңдарында рұқсат құжаттарынсыз заңсыз еңбек еткені белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған шетел азаматтары қабылдау-тарату орнына жеткізілді. Жеке басын анықтағаннан кейін, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, жедел іс-шара барысында полиция қызметкерлері қала аумағында орналасқан Қытай компаниясы филиалының бірінде визасының мерзімі өтіп кеткен 120 ҚХР азаматы жұмыс істеп жүргенін анықтады.

Қазіргі уақытта әкімшілік іс сот органдарына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1961436-atyrauda-merzimi-otip-ketken-vizamen-zumys-istegen-qytailyq-120-azamat-anyqtaldy/

pixel