Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Украинадағы бірнеше партияның жұмысын тоқтатқанын хабарлады

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Фото: UGC

Украина президенті Владимир Зеленский өзінің халық алдында сөйлеген сөздерінің бірінде елде бірқатар оппозициялық саяси партияның жұмысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

Украина басшысының сөздерін келтірген ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Украинаның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі кең ауқымды соғыс жағдайында кейбір партиялардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Аталған партиялардың тізімі төмендегідей:

  • "Оппозиционная платформа - За жизнь";
  • "Партия Шария";
  • "Наши";
  • "Оппозиционный блок";
  • "Левая оппозиция";
  • "Союз левых сил";
  • "Держава";
  • "Прогрессивная социалистическая партия Украины";
  • "Социалистическая партия Украины";
  • "Социалисты"; "Блок Владимира Сальдо".

Сонымен бірге бұл саяси құрылымдардың Ресеймен байланысы бар болуы мүмкін екені де көрсетілген.

Зеленский партиялардың қызметін шектеу елдегі әскери жағдай режимі аяқталғанға дейін жалғасатынын айтты.

Президент Украинаның Әділет министрлігіне аталған саяси күштердің қызметін тоқтатуды "белгіленген тәртіппен дереу" жүзеге асыру тапсырылғанын баса айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1961635-zelenskii-ukrainadagy-birnese-partiyanyn-zumysyn-toqtatqanyn-xabarlady/

pixel