Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде Алексей Навальный 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Алексей Навальный
Алексей Навальный. Фото: Getty Images/ Anadolu Agency / Contributor

22 наурызда Ресей астанасы Мәскеуде Лефортовский аудандық соты оппозиционер Алесей Навальныйға алаяқтық және сотқа тіл тигізу ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, сот Навальныйды ардагердің ар-намысына нұқсан келтіру ісі бойынша судьяны қорлағаны үшін кінәлі деп тапты.

"Навальныйдың сөздері қорлаумен қатар, мұқататын сөздер", - деді судья Маргарита Котова.

Ол сондай-ақ сотталушыны "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорына қайырымдылық жасау" бойынша алаяқтық ісінде кінәлі деп тапты.

Нәтижесінде екі қылмыс үшін жаза ретінде Навальный қатаң режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар 1,2 миллион рубль айыппұл және тағы бір жарым жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1961795-reseide-aleksei-navalnyi-9-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel