Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжанның тұңғыш президенті Аяз Муталибов қайтыс болды

Опубликовано:

Бұрынғы президент
Фото: report.az

Әзербайжанның тұңғыш президенті Аяз Муталибов 83 жасында өмірден өтті. Ол 1991 жылы Әзербайжан тәуелсіздік алған тұста мемлекет басшысы болып сайланып, аталған қызметті 1992 жылға дейін атқарды, деп хабарлайды РИА Новости.

Агенттіктің мәліметінше, Муталибовтың қазасы туралы әзербайжандық БАҚ-қа оның келіні хабарлаған.

Сонымен қатар, бұл ақпаратты Әзербайжанның социал-демократиялық партиясының жетекшісі Араз Ализаде де Report басылымына растаған.

Айта кетейік, Аяз Муталибов 1938 жылы 12 мамырда Бакуде дүниеге келген.

Ол Әзербайжан КСР-ы мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Әзербайжан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болған. 1989-1990 жылдары АКСР министрлер кеңесін басқарған.

1991 жылы қыркүйекте Муталибов Әзербайжан президенті болып сайланды.

Алайда ол бұл қызметті бірнеше ай ғана атқарған. 1992 жылдың наурыз айының басында Муталибов Әзербайжан халық майданының қысымынан кейін отставкаға өтініш берген.

1992 жылдың мамырында қайта президент болып сайлануға деген талпынысы сәтсіз аяқталып, кейін елінен кетіп қалған.

Муталибов өмірінің соңғы жылдарын Мәскеуде өткізді. 2012 жылы ол саяси қызметін аяқтағанын ресми түрде мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1962325-azerbaizannyn-tungys-prezidenti-ayaz-mutalibov-qaitys-boldy/

pixel