Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияда коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрі анықталды

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ұлыбританияда коронавирустың "омикрон" штамының жаңа "ХЕ" мутациясы анықталды. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналында хабарлады.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, BA.1 және BA.2 штамдарының мутациясы рекомбинантты деп аталады.

Мамандардың пікірінше, оның алдыңғы нұсқаларға қарағанда қаншалықты жұқпалы екендігі туралы қорытынды жасау әзірге ертерек. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігі жаңа нұсқаны зерттеп жатыр.

Дегенмен соңғы зерттеулерден "XE" штамының таралуы "стелс-омикронға" қарағанда 9,8 пайызға жоғары екені белгілі болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Франция да, Нидерланды да және Дания да коронавирустың жаңа "дельтакрон" штамы анықталғанын хабарлаған еді.

Мамандардың дерегінше, "дельтакрон" штамы "дельта" AY.4 және "омикрон" BA.1/BA.2 штамдарының бірігуінің нәтижесінде пайда болған.

Одан бөлек Ресейде мұрын арқылы қабылдауға арналған әлемдегі алғашқы коронавирусқа қарсы вакцина тіркелген болатын.

Мұрынға арналған препарат екі дозадан тұрады және үш апта аралықпен енгізіледі. Вакцинаны 18 жастан асқан адамдарға қолдануға рұқсат берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1963309-ulybritaniyada-koronavirustyn-mutaciyalangan-zana-turi-anyqtaldy/

pixel