Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Владимир Жириновский қайтыс болды

Опубликовано:

Владимир Жириновский
Владимир Жириновский. Фото: instagram.com/zhirinovskiy

Ресей либерал-демократиялық партиясының жетекшісі, танымал саясаткер Владимир Жириновский қайтыс болды. Бұл туралы мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин Telegram-каналында хабарлады.

"Ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін Владимир Вольфович Жириновский дүниеден өтті", - деп жазды Володин.

Саясаткердің өмірден өткені туралы ақпаратты Ресей либералды-демократиялық партиясы да Telegram-каналында растады.

"Бүгін ұзаққа созылған аурудан кейін РЛДП жетекшісі Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды. Бұл бүкіл Ресей үшін, оның жақтастары үшін ауыр соққы", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ресей мемлекеттік думасының депутаттары қайтыс болған әріптесін бір минут үнсіздікпен еске алған.

Еске сала кетсек, 25 наурызда БАҚ беттерінде Владимир Жириновскийдің көз жұмғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Кейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1963798-vladimir-zirinovskii-qaitys-boldy/

pixel