Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пентагон Ресей әскерінің Киев пен Черниговтан шыққанын растады

Опубликовано:

Әскер
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ Қорғаныс министрлігі ресейлік әскердің Чернигов пен Киев облысынан шыққанын растады. Брифинг стенограммасы Пентагонның ресми сайтында жарияланған.

"Біз олар Киев пен Черниговтан толықтай шықты деп бағалап отырмыз", - деді тиісті сұраққа жауап берген АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Бұған дейін 29 наурызда Түркия астанасы Стамбұлда өткен Украина мен Ресей келіссөздерінің нәтижесінде ресейлік тарап Киев және Чернигов бағытында соғыс қимылдарын тоқтататынын хабарлады. Әскерилердің бір бөлігі аталған аудандардан шығарылған.

Сонымен бірге Брюссельде жиналған НАТО елдерінің өкілдері Путин Украинаның шығысындағы тапсырмаларын орындағаннан кейін ресейлік әскерлер Киев аймағына қайта басып кіруі мүмкін деп қауіптенген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1963986-pentagon-resei-askerinin-kiev-pen-cernigovtan-syqqanyn-rastady/

pixel