Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лавров Украинада "арнайы операцияның келесі кезеңі" басталғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Сергей Лавров
Сергей Лавров. Фото: Rıza Özel/ dia images via Getty Images

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров India Today телеарнасына берген сұхбатында Украинада ресейлік әскери операцияның екінші кезеңі басталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Украинаның шығысындағы операция, осыған дейін жарияланғандай, Донецк пен Луган мемлекеттерін босатуға бағытталған. Бұл операция жалғасады, арнайы операцияның келесі кезеңі қазір басталып жатыр. Менің ойымша, бұл арнайы операцияның маңызды сәті", - деді Лавров үнді басылымына.

Ресей СІМ басшысы Украинадағы арнайы операцияның осы кезеңінде олар тек қарапайым қаруды қолдануды қарастыратынын атап өтті.

Лавров Мәскеудің Украинадағы режимді өзгертуді жоспарлап отырмағанын алға тартты.

Оның сөзінше, Ресей билігі "украиналықтар әрі қарай қалай өмір сүретінін өздері шешсін" деген пікірде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1965810-lavrov-ukrainada-arnaiy-operaciyanyn-kelesi-fazasy-bastalganyn-malimdedi/

pixel