Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Маск Twitter-ді 44 млрд долларға сатып алу туралы келісімге келді

Опубликовано:

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Al Drago/Bloomberg via Getty Images

Америкалық миллиардер Илон Маск Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алу туралы келісімге келді. Бұл туралы PR Newswire басылымы компанияның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

"Twitter, Inc бүгін келісімге келгенін мәлімдеді. Оған сәйкес, акциясы 54,2 долларды құрайтын компания Илон Маскқа толықтай тиесілі болмақ. Келісімшарт құны шамамен 44 миллиард долларға бағаланып отыр", - делінген хабарламада.

Мәміле жабылғаннан кейін Twitter жеке компанияға айналатыны атап өтілді.

Twitter директорлар кеңесінің тәуелсіз төрағасы Брет Тейлордың сөзінше, ұсынылған мәміле айтарлықтай пайда әкелген. Бұл Twitter акционерлері үшін ең жақсы бағыт, деді ол.

Бұған қатысты пікір білдірген Илон Маск Twitter-ді "сандық қала алаңы" деп атады. Оның сөзінше, аталған желіде адамзат болашағының маңызды мәселелері талқыланады.

"Мен Twitter-ді бұрынғыдан да жақсырақ етіп жасағым келеді. Twitter желісінің әлеуеті зор. Осы компаниямен жұмыс істеуді асыға күтемін", - деп жазды кәсіпкер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1966764-ilon-mask-twitter-di-44-mlrd-dollarga-satyp-aldy/

pixel