Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лавров әлемге ядролық соғыс қаупі төніп тұрғанын айтып, ескерту жасады

Опубликовано:

Сергей Лавров
Сергей Лавров. Фото: Ozan Kose/Contributor/Getty Images

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазіргі таңда ядролық соғыс туындау қаупі айтарлықтай зор екенін, сондықтан бұны елемеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қауіп-қатер бар және ол өте үлкен. Мен оның жасанды түрде пайда болғанын қаламаймын. Алайда соны қалайтындар аз емес. Шынымен зор қауіп бар, оны ескермеуге болмайды", - деген Ресейдің сыртқы істер министрі әлемге ядролық соғыс қаупі төніп тұрғанын айтып, ескерту жасады.

Ол қаңтарда "ядролық бестік" елдері ядролық соғысқа жол бермеу туралы тезисті растағанын атап өтті.

"Бұл біздің түбегейлі ұстанымымыз. Біз одан шығамыз", - деді Лавров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров India Today телеарнасына берген сұхбатында Украинада ресейлік әскери операцияның екінші кезеңі басталып жатқанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1966792-lavrov-yadrolyq-sogystyn-qaupi-turaly-eskertti/

pixel