Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самарқандық каллиграф үш жыл бойы жазған үлкен Құран кітапты көрсетті (фото)

Опубликовано:

Самарқандық каллиграф жазған үлкен Құран кітабы
Самарқандық каллиграф жазған үлкен Құран кітабы. Фото: "ӨзА" ақпараттық агенттігі

Самарқандық каллиграф Абдужалил Эргашев 60х80 өлшемді үлкен Құран кітабын жазып бітірді, деп хабарлайды "ӨзА" ақпараттық агенттігі.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасының Самарқанд облыстық өкілдігінің мәліметінше, 310 парақтан тұратын (610 бетті) арабша куфи жазулы Құран кітапты каллиграф үш жыл ішінде жазып аяқтаған.

Үлкен форматтағы Құран кітабы Самарқанд қағазына жазылған.

Атаулы қағаз сапасымен және ылғалға төзімділігімен белгілі.

Айта кетейік, бұған дейін 9 жасында Құранды толығымен жаттап, қари атанған Түркістан облысының тумасы Мансұрхан Сарварханұлының астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде тарауық намазын оқып жүргені хабарланған еді.

Әкесі Мансұрханды алты жасында Құран оқуға үйреткен. Ол мектепті де, діни білімді де қатар алып жүрген. Ал жазғы демалысын толығымен Құран жаттауға арнайтын болған.

Былтыр Мансұрхан Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауда "30 пара" бойынша екінші орын алған. Сөйтіп өз тобында ең жас жүлдегер атанған.

Биыл Мансұрхан Нұр-Сұлтан қаласына шақырылған. Оған бірден Рамазан айында Әзірет Сұлтан мешітінде тарауық намазын өткізуге рұқсат берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1967663-samarqandyq-kalligraf-us-zyl-boiy-zazgan-ulken-quran-kitapty-korsetti-foto/

pixel