ДДСҰ: Оңтүстік Африкада коронавирус жұқтырушылар саны өсті

Опубликовано:

індет74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Африкада коронавирус ауруының көбеюіне себеп болған омикронның екі жаңа штаммы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"BA.4 және BA.5 штаммдары неғұрлым ауыр белгілерді тудыра ма, жоқ па, оны нақты білуге әлі ерте. Бірақ бұл –пандемияның аяқталмағанының тағы бір белгісі", - деп мәлімдеді ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус 4 мамырда өткен баспасөз мәслихатында.

ДДСҰ сәуір айының ортасында BA.4 және BA.5 штаммадарын бақылай бастады. Олар бұрын анықталған BA.1 және BA.2 штаммдарының қосымша түрі. Соңғысы қазір бүкіл әлемде кеңінен таралып жатыр.

Ұйымның мәліметінше, сәуір айының соңында Оңтүстік Африкада бір тәулікте COVID-19 жұқтырудың 2650 дерегі тіркелгенін хабарлады. Бірақ 1 мамырда 6500-ден астам коронавирус жұқтырушылар тіркелген. Олардың саны өсуде.

Жаңа штаммдарға қарамастан, Гебреисус COVID-19 жағдайларының саны бүкіл әлемде төмендегенін және пандемия алғаш басталған кезде 2020 жылдың наурызынан бастап апта сайынғы өлім-жітім азайып бара жатқанын айтты. Сонымен қатар ДДСҰ басшысы коронавирусқа тест тапсыру аса маңызды болып қала беретінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1968238-ddsu-ontustik-afrikada-koronavirus-zuqtyrusylar-sany-osti/