Қытайда бортында 122 адам бар ұшақ отқа оранды (видео)

Опубликовано:

Отқа оранған ұшақ
Отқа оранған ұшақ. Видеодан кадр: twitter.com/FATIIIAviation

Қытайда Tibet Airlines әуе компаниясының ұшағы әуеге көтерілу кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, отқа оранды, деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, оқыс жағдай бүгін таңғы 8-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 6:00) Қытайдың ірі қаласы Чунциндегі Цзянбэй халықаралық әуежайында болған.

Басылымның дерегінше, борттағы барлық жолаушы қауіпсіз жерге шығарылған. Ал зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

Қытай мемлекеттік орталық телеарнасының хабарлауынша, ұшақ бортында 122 адам болған. Олардың 113-і жолаушы тоғызы экипаш мүшесі.

Қазіргі таңда өрт толықтай сөндірілген. Төтенше жағдайға байланысты әуежайдың ұшу-қону алаңы жабылған. Цзянбэй әуежайына қонуы тиіс болған барлық ұшақ Чэнду Шуанлю әуежайына бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1968894-qytaida-bortynda-122-adam-bar-usaq-otqa-orandy-video/