Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің метрополитенінің 90-нан астам станциясы коронавирусқа байланысты жабылды

Опубликовано:

індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бейжің метрополитенінің 90-нан астам станциясы коронавирустың өршуіне байланысты жабылды. Бұл туралы бейсенбі күні метрополитен әкімшілігі "Вэйбо" әлеуметтік желісінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазынша, бұл шаралар індеттің алдын алу және бақылау қажеттілігінен туындаған. Бейжің билігі Қытай астанасында локдаун енгізу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Қаланы жабу туралы хабарлама жалған. Дүрбелеңге бой алдырмаңыздар, астанадағы өмірге еш зиян келмейді, әлеуметтік өмір бұрынғыдай жалғаса береді", - деді бейсенбіде астана әкімшілігінің баспасөз хатшысы Сюй Хэцзянь баспасөз брифингінде.

Сонымен қатар елордалық Чаоян ауданының билігі тұрғындарды дүрлікпеуге шақырып, азық-түліктің жеткілікті қоры бар екенін атап өтті.

Бұған қоса, Қытай астанасының тұрғындарын коронавирусқа скрининг және тестілеу жалғасып жатыр. Жұмадан бастап Бейжіңнің 12 ауданында COVID-19 жаппай тестілеудің үшінші кезеңі басталады.

Ресми мәлімет бойынша, өткен тәулікте 36 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, 22 сәуірден бастап Қытай астанасында 928 жағдай тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1969115-beizin-metropoliteninin-90-nan-astam-stanciyasy-koronavirusqa-bailanysty-zabyldy/

pixel