БАӘ президенті қайтыс болды

Опубликовано:

Халифа ибн Заид Аль Нахайян
Халифа ибн Заид Аль Нахайян. Фото: BERTRAND LANGLOIS/AFP via Getty Images

Бүгін, 13 мамырда Біріккен Араб Әмірліктерінің 73 жастағы президенті Халифа ибн Заид Аль Нахайянның өмірден өткені белгілі болды. Президенттің өліміне ұзаққа созылған дерті себеп болғаны айтылуда, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, БАӘ президентінің көз жұмғаны туралы ақпаратты әмірліктің ресми агенттігіне елдің президент ісі бойынша министрлігі растаған.

"Президент ісі бойынша министрлік БАӘ президенті шейх Халифа ибн Заид Аль Нахайянның өмірден өтуіне байланысты БАӘ халқына, араб және ислам өкілдеріне көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар SHOT Telegram каналы Халифа ибн Заид Аль Нахайянның елдің ең ірі әмірлігі әрі астанасы - Абу-Дабидің патшасы болғанын да атап өтті.

Жалпы Аль Нахайян Біріккен Араб Әмірліктерін 2004 жылдан бері басқарып келді, бірақ 2014 жылы инсульт алып, күрделі ота жасатқаннан кейін іс жүзінде елді оның ағасы Мұхаммед басқарды.

Сондай-ақ Mash Telegram каналының дерегінше, өмірден өткен БАӘ прзиденті әлемдегі ең бай адамдардың бірі болған. Forbes Аль Нахайян отбасы мүшелерінің байлығын 150 миллиард АҚШ долларына бағалап отыр.

Одан бөлек Халифа ибн Заид Аль Нахайян украиналық князь Ярослав Мудрый орденінің 1-дәрежелі кавалері болған. Бұл марапатты оған 2012 жылы сол кездегі Украина президенті Виктор Янукович табыстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1969219-baq-baa-prezidenti-qaitys-boldy/