Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франция үкіметін 30 жылда алғаш рет әйел басқаратын болды

Опубликовано:

Элизабет Борн
Элизабет Борн. Фото: Thierry Monasse/Getty Images

Франция үкіметін 30 жылда алғаш рет әйел басқаратын болды. Бұрынғы премьер-министр Жан Кастекс отставкаға кетуге өтініш білдірді.

Франция президенті Эммануэль Макрон министрлер кабинетінің бұрынғы басшысының өтінішін қабылдады, деп жазады РИА Новости.

Артынша ел басшысы Францияның жаңа премьері қызметіне еңбек министрі Элизабет Борнның кандидатурасын қабылдап, жаңа үкімет құруды тапсырды. Осылайша, Борн 1991 жылдан бастап үкімет басқарған алғашқы әйел атанды.

30 жылдан астам уақыт бұрын бұл қызметті Франция социалистік партиясының өкілі Эдит Крессон алған еді. Ол 1992 жылдың сәуір айына дейін премьер болды. Содан бері Франция министрлер кабинетін тек ер адамдар басқарған.

Айта кетейік 7 мамыр күні Эммануэль Макрон Франция президенті қызметіне ресми түрде қайта кірісті.

24 сәуірде Франциядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтті, оның нәтижесі бойынша сайлаушылардың 58,55 пайызы Эммануэль Макронға дауыс берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1969579-franciya-ukimetin-30-zylda-algas-ret-aiel-basqaratyn-boldy/

pixel