Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәліптер қыз балаларға алтыншы сыныптан кейін оқуға рұқсат беруі мүмкін

Опубликовано:

Тәліптер
Фото: Sayed Khodaiberdi Sadat/Anadolu Agency via Getty Images

"Талибан" қозғалысы (Қазақстанда ұйымның қызметіне тыйым салынған) қыз балаларға алтыншы сыныптан кейін оқуға рұқсат беруі мүмкін. Мұндай уәдені ұйым жетекшілері беріп отыр, деп хабарлайды Al Arabiya.

Ішкі істер министрі Сираджуддин Хакканидің айтуынша, қазіргі уақытта үкімет бұған мүмкіндік беретін механизм әзірлеп жатыр.

"Әйелдердің білім алуына ешкім қарсы емес", - деген ол елде қыздардың бастауыш сыныпқа баруына рұқсат етілгенін еске салды.

Хаккани орта мектеп мәселесінің білім ордасындағы киім үлгісіне байланысты екенін меңзеп, оқыту "ауған мәдениеті" мен "ислам ережелері мен қағидаларына" негізделуі керектігін түсіндірді.

"Жақында бұл мәселе бойынша өте жақсы жаңалық еститін боласыздар", - деді ол.

Билікке оралғаннан кейін "Талибан" қозғалысы әйелдерден хиджаб киюді талап етті. Алайда олар мамыр айынан бастап әйелдерге көзден басқа жерін жауып тұратын паранжы киюді міндеттеген болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін тәліптерге ойын-сауық саябақтарына қару алып келуге тыйым салынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1969681-talipter-qyz-balalarga-altynsy-synyptan-keiin-oquga-ruqsat-berui-mumkin/

pixel