Өзбекстанда ер адам асығамын деп метрода мерт бола жаздады

Опубликовано:

Метроның іші
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстан астанасы Ташкентте ер адам жүрейін деп тұрған метроға үлгеремін деп, ажал құша жаздады. Бұл туралы Sputnik Өзбекстан хабарлады.

Агенттіктің мәлметінше, келеңсіз жайт "Олмазор" бекетінде болған.

Ер адам жүрейін деп тұрған метроға кіріп үлгермек болған кезде, аяғы шалынып кетіп, рельс шұңқырына құлап түскен.

Абырой болғанда сол арада жүргізуші, метро қызметкерлері және жолаушылар шұғыл әрекет етіп, ер адамды құтқарып қалған.

Ташкент метрополитенінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шегуші ешқандай жарақат алмаған. Оның жағдайы жақсы.

Айта кетейік, биыл маусым айында Алматыдағы метрополитеннің Сарыарқа" және "Момышұлы" деп аталатын екі жаңа бекеті іске қосылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1969723-ozbekstanda-er-adam-asygamyn-dep-metroda-mert-bola-zazdady/

jitsu gif