Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Молдованың экс-президенті 72 сағатқа қамалды

Опубликовано:

Игорь Додон
Игорь Додон. Фото: Pierre Crom/Getty Images

Бас прокурордың міндетін атқарушы Думитру Робу Молдованың экс-президенті Игорь Додонның 72 сағатқа ұсталғанын растады, деп хабарлайды Deschide.md.

Онымен бірге қайын інісі Петр Мериняну да құрықталған. Басылымның хабарлауынша, Мериняну дәлелдерді жоюға тырысқан.

Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон заңсыз байыды және пассивті сыбайлас жемқорлық пен Отанына опасыздық жасады деп күдіктелуде. Сонымен қатар, оның үйінде тінту жүргізілді.

Игорь Додон Молдова президенті қызметін 2016 жылдан 2020 жылға дейін атқарды.

2019 жылы Додон Демократиялық партияның жетекшісі Владимир Плахотнюкпен және оның орынбасары Сергей Яраловпен кездесуде пакет алған.

Бұл процесс 2020 жылы экс-депутат Юрий Рениц ұсынған видеода көрсетілген. Реництің айтуынша, онда ірі сомада ақша болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1970792-baq-moldovanyn-eks-prezidenti-72-sagatqa-qamaldy/

pixel