Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та жас жігіт мектепте оқ жаудырып, 18 бала мен 3 ересек адам көз жұмды

Опубликовано:

Атыс болған АҚШ мектебі
Атыс болған АҚШ мектебі. Фото: ALLISON DINNER/AFP via Getty Images

АҚШ-тың Техас штатының Ювалд қаласындағы бастауыш мектепте атыс болып, салдарынан 18 бала мен үш ересек адам қазақ тапты, деп хабарлайды CNN.

Басылымның мәліметінше, 18 жастағы Сальвадор Ромас күдікті деп танылған. Алдын ала деректер бойынша, оны полиция қызметкерлері өлтірген. Осы ретте құқық қорғау органдары күдіктінің жалғыз өзі әрекет еткенін мәлімдеді.

Басылымның штат сенаторы Роланд Гутьерреске сілтеме жасап жазуынша, шабуылдаушы мектепте оқ жаудырмастан бұрын өз әжесіне оқ отқан. Әйел ауруханаға жеткізілген.

Ал Сан-Антонио ауруханасы Facebook желісіндегі парақшасында емдеу мекемесіне ауыр жағдайдағы екі пациент - 66 жастағы әйел мен 10 жасар қыз бала жеткізілгенін хабарлады.

Сонымен қатар бұл білім ордасында 7 мен 10 жасқа дейінгі 535 баланың білім алғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1970881-aqs-ta-zas-zigit-mektepte-oq-zaudyryp-18-bala-men-3-eresek-adam-koz-zumdy/

pixel