Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Nike компаниясы Ресей нарығынан кетті

Опубликовано:

Nike компаниясы
Көрнекі фото: pixabay.com

Америкалық аяқ киім және киім өндірушісі Nike ресейлік Inventive Retail Group (IRG) компаниясымен франчайзингтік келісімді ұзартпады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Ведомости" басылымына сілтеме жасап.

Nike жақын арада өз тауарларын Ресейге жеткізе алмайтынын түсіндірді. Енді бұл брендтің елдегі дүкендері тауар қорының таусылуына байланысты жабылуы қажет.

"Біз бірлескен кәсіпті 2012 жылы бастадық, елде үздік дүкендер желісін сүйіспеншілікпен құрдық. Нәтижесінде 10 жылдан кейін бизнес әрі қарай өмір сүре алмайтындай жағдайға кезіктік", - деді IRG басшысы Тихон Смыков.

IRG PR-директоры Людмила Семушина аталған жаңалықты растады. Оның айтуынша, Nike тауарлары қазірдің өзінде жетіспейді және жеткізу тоқтатылған.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында Nike өз тауарларын Ресейде сатуды тоқтатқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1970886-nike-kompaniyasy-resei-narygynan-ketti/

pixel