Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Непалда бортында 22 адамы бар ұшақ радардан жоғалып кетті

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: pixabay.com

29 мамырда таңертең Tara Air непалдық әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Ұшақ бортында 19 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Kathmandu Post басылымына сілтеме жасап.

Басылымның Непал Азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауынша, Покхарадан Джомсомға қарай ұшқан ұшақ 29 мамыр, жексенбі күні радардан жоғалып кеткен.

Борт Покхара қаласынан жергілікті уақыт бойынша 09:55-те ұшып шығып, сағат 10:07-де Непалдың солтүстік-орталық бөлігінде орналасқан Годепани ауылының маңында байланыс үзілген.

Ұшақта 13 непалдық, 4 Үндістан азаматы және 2 Германия азаматы, үш экипаж мүшесі болған.

Джомсом әуежайының автодиспетчерінің сөзінше, соңғы рет байланыс орнатылған ауданға тікұшақ жіберілген.

Әуе кемесін іздеу жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіріп жатқаны айтылуда. Сонымен қатар іздеу жұмыстарына Непал әскерилері де тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1971541-nepalda-bortynda-22-adamy-bar-usaq-radardan-zogalyp-ketti/

pixel