Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билл Гейтс келесі пандемия қашан болуы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

Билл Гейтс
Билл Гейтс. Фото: Mike Cohen/Getty Images for The New York Times

Америкалық кәсіпкер және Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс тағы бір пандемия болуы мүмкін екенін айтты. Ол жаңа эпидемиялар тараған жағдайда "жаһандық әрекет ету тобын" құруды ұсынды.

Билл Гейтстің пікірінше, 20 жылдан кейін әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкін, деп хабарлайды Lenta.ru кәсіпкердің испаниялық El Diario газетіне берген сұхбатына сілтеме жасап.

Індеттің таралуымен күресу үшін кәсіпкер "жаһандық эпидемияға қарсы әрекет және жұмылдыру командасын" құруды ұсынды. Билл Гейтстің пайымынша, оларды "өрт сөндірушілер сияқты шақыруға болады".

Сонымен қатар ол қазір таралып жатқан маймыл шешігін аса қауіпті деп санамайтынын айтты.

"Оның шешек ауруымен байланысты екендігі аздап қорқынышты, бірақ бұл келесі үлкен пандемияға алып келеді деп ойламаймын", - деді Microsoft негізін қалаушы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Билл Гейтс коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталады деп болжаған еді.

Дегенмен ол халықты бетперде тағуға, адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға, коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1971551-bill-geits-kelesi-pandemiya-qasan-boluy-mumkin-ekenin-aitty/

pixel