Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстандық қыз 20 жыл бойы ер адамның есімімен өмір сүрген

Опубликовано:

жаңа куәлік алған қыз
Жаңа куәлік алған қыз. Фото: xs.uz

Өзбекстанның Қашқария облысы Дехканабад ауданында 20 жыл бойы ер адамның есімімен өмір сүрген қызға жаңа куәлік берілді, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан агенттігі "Народное слово" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бойжеткен дүниеге келген кезде оның ата-анасына перзентханадағылар қателесіп, аты-жөні "Шафоатов Олим" деп жазылған құжат берген. Осы құжат бойынша олар қызының туу туралы кәулігін алған.

Кейін қателік кеткенін түсінген ата-ананың құжатты ауыстыруға мүмкіндігі болмаған.

Себебі олар тұратын ауыл тауда әрі құжат рәсімдейтін жақын мекеме 180 шақырымда орналасқан аудан орталығында ғана болған. Осылайша, бойжеткен ер адамның есімімен қалып қойған.

"Кеш болса да, бұл қателікті түзеттік. Біз оған Шафоатова Мукаддам Равшан кызы деген атпен жаңа жеке кәулік бердік. Енді жылына екі рет осындай таулы аймақта орналасқан ауылдарда мобильді қабылдау өткізуді жоспарлап отырмыз", - дейді Дехканабад аудандық АХАЖ бөлімінің басшысы Озода Ашурова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1972313-ozbekstandyq-qyz-20-zyl-boiy-er-adamnyn-esimimen-omir-surgen/

pixel