Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда химиялық зауыттан өрт шығып, жарылыс болды (видео)

Опубликовано:

Үндістанда химиялық зауытта жарылыс болды
Видеодан кадр: twitter.com/gandhi_jimi

Үндістанның батысындағы Гуджаран штатында Deepan Nitrite химиялық зауытында өрт шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі News18 басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, уытты газдан уланған 7 жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ кәсіпорын маңында тұратын 700 шақты адам қауіпсіз орынға көшірілген.

Әзірге өрттің не себепті шыққаны белгісіз. Қызыл жалынды сөндіруге 10 өрт сөндіру көлігі жіберілген. Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері де барған.

Сонымен бірге Deepak Nitrite компаниясының өкілдері жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтып, мәлімдеме жасаған.

"Барлық қызметкеріміздің және айналамыздағы адамдардың қауіпсіздігі мен амандығы біз үшін өте маңызды. Біздің бүкіл өндіріс қуатымыз тұрақты экологиялық қауіпсіз өндірісті қамтамасыз ету үшін ең жақсы жүйелермен және жабдықтармен жабдықталған. Біздің командамыз оқиға орнында, олар барлық көмекті көрсетіп жатыр", - делі компаниядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1972359-undistanda-ximiyalyq-zauyttan-ort-sygyp-zarylys-boldy-video/

pixel