Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген күйеу жігіттің видеосы тарады

Опубликовано:

Той1
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желіде той үстінде күйеу жігіттің қалыңдығын ұрып жіберген сәті бейнеленген видео тарады. Болжам бойынша, келеңсіз жағдай Өзбекстанда болған, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Кадрдан жас жұбайлардың асабаның ұйымдастырған ойынына қатысқанын байқауға болады.

Нәтижесінде қалыңдық күйеу жігітті жеңіп кеткен. Бұған ер адам намыстанса керек, келіншегінің басынан бір ұрады.

Видеодан күйеу жігіттің қасында тұрған ер адамның бұл әрекетке күле қарап, ештеңе жасамағанын да аңғаруға болады.

Осыдан соң қалыңдық орнынан кетіп қалады. Бұдан кейін не болғаны белгісіз.

Оқиғаның қайда және қашан болғаны да беймәлім. Құқық қорғау органдары мен басқа ведомстволар да бұл жайтқа қатысты пікір білдірген жоқ деп жазады басылым.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістанда өзінің үйлену тойына төрт сағат кешігіп келген күйеу жігіттің қалыңдығынан "айырылып" қалғанын жазған едік.

Болашақ күйеу баласының қылығын ұнатпаған бойжеткеннің әкесі қызын басқа адамға тұрмысқа берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1973947-zelide-toi-ustinde-qalyndygyn-uryp-zibergen-kuieu-zigittin-videosy-tarady/

pixel