Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эстония мен Мысыр коронавирусқа байланысты енгізілген барлық шектеуді алып тастады

Опубликовано:

Мысыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Эстония мен Мысыр билігі коронавирус инфекциясының таралуына байланысты енгізілген барлық шектеуді алып тастады, деп хабарлайды АТОР.

Басылымның жазуынша, Мысыр үкіметі ел тұрғындары үшін де, шетелдіктер үшін де коронавирусқа қатысты барлық шектеуді алып тастауға рұқсат берген.

Бұған дейін Мысырға кіру үшін туристер COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғанын дәлелдейтін құжатты немесе ПТР-тесттің теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсетуі қажет болатын.

Эстония билігі де 16 маусымда коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулерді алып тастаған. Енді саяхатшыларға бұл елге кіру үшін вакцинация сертификатын немесе ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетудің қажеті жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Грузия да коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген барлық шектеуді алып тастаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1974603-estoniya-men-mysyr-koronavirusqa-bailanysty-engizilgen-barlyq-sekteudi-alyp-tastady/

pixel