Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мирзиеев Өзбекстан Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынды

Опубликовано:

Шавкат Мирзиеев
Шавкат Мирзиеев. Фото: president.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елде парламенттің Конституцияға өзгерістер енгізуге құқығы бар екеніне қарамастан, оны референдум арқылы қабылдауды ұсынды.

Бүгін, 20 маусымда Өзбекстан арезиденті Конституцияға түзетулерді референдум арқылы қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Gazeta.uz басылымы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың хабарламасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Өзбекстан Конституциясы 1992 жылдың 8 желтоқсанында қабылданды. Осы кезеңде елдің негізгі Заңына 15 рет түзетулер енгізілді.

Өзбекстан басшысы негізгі заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар қалыптастыру жөніндегі конституциялық комиссия мүшелерімен кездесуде жоспарланған кейбір түзетулерді талқылады.

"Комиссияның ұсынысы бойынша парламент әзірлеген жобаны бүкілхалықтық талқылауда қарап, оны референдум арқылы қабылдауды ұсынамын", – деді Мирзиеев.

Ол қолданыстағы заңнама бойынша парламенттің өзі де Конституцияға түзетулер енгізуге құқылы екенін атап өтті.

"Алайда біз конституциялық реформаны референдум арқылы, азаматтарымыздың пікірі мен қолдауына сүйене отырып жүргізсек, онда бұл нағыз халық Конституциясы болады деп ойлаймын", – деді Өзбекстан президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1974917-mirzieev-ozbekstan-konstituciyasyna-tuzetuler-engizu-boiynsa-referendum-otkizudi-usyndy/

pixel