Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дмитрий Муратов Нобель медалін аукционда 103,5 млн долларға сатты

Опубликовано:

Дмитрий Муратов Нобель медалімен
Дмитрий Муратов Нобель медалімен. Видеодан кадр: YouTube/Euronews по-русски

"Новая газета" бас редакторы Дмитрий Муратов Нобель медалін аукционда 103,5 миллион долларға сатты. Аталған ақпарат Heritage Auctions сауда үйінің сайтында жарияланды.

Сатудан түскен барлық қаражат украиналық босқын балаларға көмектесу үшін ЮНИСЕФ қорына жіберіледі.

Айта кетейік, Муратовтың Нобель медалін Америка Құрама Штаттарында аукционға шығаруға ниетті екені маусымның басында белгілі болған еді.

Сауда 1 маусымда басталып, 20 маусымда аяқталды.

Еске салсақ, 2021 жылдың Нобель сыйлығын тапсыру рәсімі желтоқсан айында өтті. Сыйлық ресейлік журналист әрі "Новая газета" басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік журналист Мария Рессаға бұйырды.

Лауреаттардың есімі өткен жылдың қазан айында жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1974946-dmitrii-muratov-nobel-medalin-aukcionda-1035-mln-dollarga-satty/

pixel