Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен ауғанстандықтарға көңіл айтты

Опубликовано:

Ауғанстандағы жер сілкінісі
Фото: Sayed Khodaberdi Sadat/Anadolu Agency via Getty Images

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өзінің Telegram каналында жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ауғанстан халқына көңіл айтты.

"Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінің кесірінен елеулі адам шығынына байланысты ауған халқының қайғысына ортақтасамыз.

Қазақстан халқы мен басшылығының атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Қалыпты тіршілікке тезірек оралуға тілектестік білдіреміз", - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 22 маусымда таңертең жергілікті тұрғындар ұйқыда жатқанда Ауғанстан аумағында 6,1 балдық жер сілкінісі болған еді.

Салдарынан 920 адам қаза тауып, тағы 610 адам түрлі жарақат алды.

Ал "Талибан" көшбасшысы (Қазақстанда және бірқатар елдерде тыйым салынған ұйым) Хайбатулла Ахундзада әлемдік қоғамдастықты Ауғанстанға көмек көрсетуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1975293-qazaqstan-zoiqyn-zer-silkinisi-saldarynan-qaza-tapqandarga-bailanysty-auganstandyqtarga-konil-aitty/

pixel