Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей СІМ Қазақстанның ЛХР мен ДХР тәуелсіздігін мойындаудан бас тартуына қатысты қандай пікірде

Опубликовано:

Ресей ту1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ресей Қазақстанның өзекті халықаралық мәселерге, соның ішінде Украинадағы ахуалға қатысты пікірін құрметтейтінін мәлімдеді, деп жазады Lenta.ru.

Бірнеше күн бұрын Санкт-Петербургта өткен халықаралық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ЛХР мен ДХР тәуелсіздігін мойындамайтынын мәлімдеген болатын.

Осыдан кейін ресейлік журналистер Захаровадан Тоқаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдіруін сұраған.

Ресей СІМ өкілі "Ресей Қазақстанның өзекті халықаралық мәселерге, соның ішінде Украинадағы ахуалға қатысты пікірін құрметтейді және оған қысым көрсетпейді" деп жауап берген.

"Бұл іс жүзінде біз көп айтатын жарқын мысалдардың бірі. Біздің көзқарасымыз әртүрлі болуы мүмкін, бірақ демократия мен плюрализмге деген адалдығына қарамастан, басқа пікірге жол бермейтін батыстық режимдерден айырмашылығы, біз әріптестерімізді құрметтейміз", - деді Захарова.

Оның айтуынша, Мәскеу ұлттық күн тәртібін сақтауды жалғастырады, бірақ Нұр-Сұлтанмен өзара құрмет пен тиімділік негізінде ортақ тіл табысуға тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1975301-resei-sim-qazaqstannyn-lxr-men-dxr-tauelsizdigin-moiyndaudan-bas-tartuyna-qatysty-qandai-pikirde/

pixel