Зеленский Ресейді БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінен шығаруды сұрады

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: instagram.com/zelenskiy_official

Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ресейді ұйымның Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінен шығару керектігін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі UNIAN басылымына сілтеме жасап.

Зеленский жиында Кременчугтағы сауда орталығына жасалған зымырандық шабуылдарды еске салды.

"Мен мұның лаңкестік әрекет екендігі туралы мәлімдеме жасалып, шешім қабылдануын сұраймын. Барлық қажетті ақпарат зерделеніп, бұл шабуылдың шынында да Ресей аумағынан болған-болмағанын тексеруді ұсынамын", - деді Зеленский мәлімдемесінде.

Украина басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Ресейді Бас ассамблеяда дауыс беру құқығынан айыруға шақырды.

"Мен Ресейді Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығынан айыруға шақырамын. Бұл әділетсіздік. Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінде қалуға құқығы жоқ. Егер біз дәйектілік пен тиісті саяси ерік-жігер танытсақ, БҰҰ жарғысы жұмыс істей алады және соның арқасында ол құрметке ие болады", - деді Зеленский.

Бұған дейін АҚШ Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығаруға болмайтынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1976127-zelenskii-reseidi-buu-nyn-qauipsizdik-kenesinen-sygarudy-surady/