Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ Тина Канделаки мен тағы он шақты ресейлікке елге кіруге тыйым салды

Опубликовано:

Тина Канделаки
Тина Канделаки. Фото: Екатерина Чеснокова/РИА Новости

АҚШ Мемлекеттік департаменті ресми сайтында Ресейдің санкция салынған жеке және заңды тұлғаларының кеңейтілген тізімін жариялады.

Жаңартылған тізімге Ресейден 45 заңды, 29 жеке тұлға енген.

Олардың қатарында тележүргізуші Тина Канделаки, Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюков пен оның жары Наталья Сердюкова және олардың екі баласы бар.

"АҚШ Мемлекеттік департаменті "Ростех" директорлар кеңесінің 19 мүшесін және олардың жұбайы (9 адам) мен ересек балаларын тізімге енгізді. "Ростех" Ресейдің қорғаныс, өнеркәсіптік, технологиялық және өндірістік секторларының негізі болып саналады", - делінген хабарламада.

Санкцияға ілінгендерге АҚШ-қа кіруге тыйым салынады, сондай-ақ олардың АҚШ-тағы шоты бұғатталды. Олармен қаржылық операциялар жүргізуге де болмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей үкіметі АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі Джилл Байден мен олардың қызы Эшлидің елге кіруіне тыйым салған еді.

Елге кіре алмайтындар қатарына АҚШ сенаторлары мен "Макфол-Ермак" халықаралық сарапшылар тобының мүшелері де енген болатын.

Бұл топ Ресейге қарсы санкцияларды күшейту бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Топты Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак және АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майкл Макфол басқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1976203-aqs-tina-kandelaki-men-tagy-on-saqty-reseilikke-elge-kiruge-tyiym-saldy/

pixel