Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ Ресейге салынған санкцияны бұзғаны үшін бес қытайлық компанияны қара тізімге енгізді

Опубликовано:

АҚШ туы
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ үкіметі Қытайдың бес компаниясын экспорт бойынша қара тізімге енгізді, деп хабарлайды Financial Times.

Басылымның жазуынша, енді қытайлық Connect Electronics, Kingtai Technology, Sinno Electronics, Winninc Electronic, World Jetta Logistics компаниялары америкалық компаниялардың тауарларын импорттай алмайды.

АҚШ үкіметі аталмыш компаниялардан санкцияны бұзып, ресейлік тарапқа қолдау көрсетті деп күдіктеніп отыр. Сондықтан қара тізімге енгізген.

Басылымның жазуынша, қара тізімге енгізілген компаниялар Украинадағы соғыс басталғанға дейін және одан кейін де Ресей тарапына әскери қолдау көрсеткен болуы мүмкін.

Айта кетейік, Джо Байден әкімшілігі Ресей тарапына көмектескені үшін Қытай компанияларына қатысты мұндай шараларды бірінші рет қабылдап отыр.

Жалпы бұған дейін АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Қытайға ҚХР тарапы Ресейге осындай көмек көрсететін болса, АҚШ қатаң шаралар қолданатынын бірнеше рет ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1976245-aqs-reseige-salyngan-sankciyany-buzgany-usin-bes-qytailyq-kompaniyany-qara-tizimge-engizdi/

pixel