Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Опубликовано:

қан талдамалары
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркияда маймыл шешегі инфекциясын жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, маймыл шешегін жұқтырған азамат 37 жаста. Тексеру кезінде оның ағзасында иммун тапшылығы бары анықталған.

Қазір ол оқшауда. Азаматпен байланыста болған кісілер түгел медициналық тексерістен өткен.

Өз кезегінде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы маймыл шешегі кімге қауіпті екенін анықтаған.

Мамандардың айтуынша, инфекцияны жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз адамдар мен балалардың жұқтыру қаупі жоғары. Бүгінге дейін індет әлемнің 50 елінде анықталған. 4 мыңға жуық азамат науқас деп танылған.

Айта кетейік, бұған дейін Францияда балалар арасында маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1976476-turkiyada-maimyl-sesegin-zuqtyrgan-algasqy-adam-tirkeldi/

pixel