БҰҰ: 2022 жылы тағы 13 млн адам аштыққа тап болуы мүмкін

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бас экономисі Максимо Тореро БҰҰ конференциясында сөйлеген сөзінде 2022 жылы әлемде тағы 13 миллион адам аштықтан зардап шегуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды РБК басылымы іс-шараның трансляциясына сілтеме жасап.

Максимо Торероның пікірінше, қазір Украинада жүріп жатқан қақтығыс аштықтың негізгі себебі болып отыр.

"Егер біз Украинадағы (қақтығыстың - ред.) әсерін болжасақ, онда біз 2022 жылы қазіргі көрсеткішке қосымша тағы 13 млн адам созылмалы жеткіліксіз тамақтанудан зардап шегетінін көреміз", - деді Тореро.

Оның айтуынша, аталған көрсеткіш 2023 жылы тағы 17 млн адамға өседі.

Өткен жылы әлем бойынша 702 миллионнан 828 миллион адамға дейін аштыққа тап болған. Мамандардың болжамынша, 2023 жылы 670 млн адам жеткіліксіз тамақтану проблемасымен бетпе-бет келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1977262-buu-2022-zyly-tagy-13-mln-adam-astyqqa-tap-boluy-mumkin/