Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Борис Джонсон Шотландияның тәуелсіздігі бойынша референдум өткізуге қарсы шықты

Опубликовано:

Борис Джонсон
Борис Джонсон. Фото: Jeff J Mitchell/WPA Pool/Getty Images

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Шотландияның бірінші министрі Никола Стердженнің келесі жылы аймақтың тәуелсіздігіне қатысты референдум өткізу туралы ұсынысын қабылдамады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Financial times басылымына сілтеме жасап.

Ұлыбритания премьер-министрі Twitter желісіндегі парақшасында Стердженге Шотландияның тәуелсіздігі туралы референдум өткізуден бас тартқаны туралы хатын жариялады.

Оның пікірінше, бұл мәселе 2014 жылы шотландиялықтар Ұлыбританияда қалуға дауыс берген кезде шешілген.

"Еліміз бұрын-соңды болмаған ішкі және сыртқы қиындықтармен бетпе-бет келіп отырған кезде, шотланд халқы 2014 жылы анық жауап берген бұл мәселені қайта қараудың уақыты келді дегенмен келісе алмаймын", - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, өткен аптада Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен Ұлыбританиядан тәуелсіздік алу үшін жаңа референдум өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.

Ол шотланд демократиясының Борис Джонсон немесе кез келген басқа премьер-министрдің кепілінде болуына жол бермейтінін мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1977285-boris-dzonson-sotlandiyanyn-tauelsizdigi-turaly-referendumnyn-otuine-kelisim-beruden-bas-tartty/

pixel