Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Борис Джонсон Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді

Опубликовано:

Борис Джонсон в Мидлтоне
Борис Джонсон. Фото: Jason Cairnduff-WPA Pool/Getty Images

Бүгін, 7 шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон қызметінен, сондай-ақ Консервативті партияның төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді.

"The Washington Post" басылымының хабарлауынша, Борис Джонсон үкімет басшылығынан және партиядағы қызметінен кететінін, алайда күзге дейін өз міндетін атқара беретінін айтқан.

БАҚ қазан айында Консервативті партия өкілдері Ұлыбританияның жаңа премьер-министрін тағайындайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, 7 маусымда Борис Джонсонға қатысты сенімсіздік вотумын жариялау мәселесі бойынша дауыс беру өткен болатын. Оған себеп - 2020 жылдың мамырында коронавирус өршіп тұрған кезде премьер-министрдің Даунинг-стриттегі резиденциясында өткен кешке қатысты жанжал. Джонсон сол жайт үшін бірнеше рет кешірім сұраған да еді.

Дегенмен билеуші ​​партия ақырында үкімет басшысына сенімсіздік вотумын жариялады.

Ал Борис Джонсон дауыс беру алдында карантин кезінде болған сол кеш үшін өкінбейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1977406-boris-dzonson-ulybritaniya-premer-ministri-qyzmetinen-ketetinin-malimdedi/

pixel