Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалған сәтінен видео пайда болды

Опубликовано:

Жапониялық саясаткер Синдзо Абэге қастандық жасалды
Видеодан кадр: Telegram/РИА Новости

Ғаламторда Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалған сәтінен бірнеше видео жарияланды. Бейнежазбадан жерде жатқан саясаткерді бірнеше адамның қоршап алғанын, сондай-ақ оған оқ атқан болуы мүмкін азаматтың ұсталған сәтін көруге болады.

Назар аударыңыз! Бейнежазбада жантүршігерлік кадрлар бар және оны психикасы әлсіз адамдарға, жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмаған балаларға көруге ұсынылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Нара қаласында көшеде бұрын өзі басқарған Либералды-демократиялық партияны қолдап, парламенттің жоғарғы палатасының сайлауалды науқаны аясында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге қастандық жасалғанын жазған едік.

Жараланған Синдзо Абэ шұғыл түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. Нара университетінің ауруханасы экс-премьердің өздеріне жеткізілгенін растаған.

Кейінірек бұқаралық ақпарат құралдары Синдзо Абэге оқ атқан адамның кім екені анықталғанын хабарлады. Күдікті - Нара қаласының тұрғыны Тэцуя Ямагами. Ол 2005 жылға дейін жапон теңіз флотының өзін-өзі қорғау күштерінде үш жыл қызмет еткен. Тұтқындау кезінде ер адам қарсылық көрсетпеген.

Сондай-ақ РИА-Новости Telegram-арнасында жапондық БАҚ-қа сілтеме жасап, Синдзо Абэнің қастандық жасалғаннан кейін әлі есін жимағанын хабарлады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Синдзо Абэнің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1977564-zaponiyanyn-buryngy-premer-ministri-sindzo-abege-qastandyq-zasalgan-satinen-video-paida-boldy/

pixel