Өзбекстан синоптиктері елде 47 градусқа дейін күн ыситынын айтып, дабыл қақты
Опубликовано:

Өзбекстанның гидрометеорологиялық қызмет орталығы елде ауа температурасының 47 градусқа дейін көтерілетіні туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, 17-22 шілде аралығында Өзбекстан аумағына Түрікменстан арқылы Иран аймақтарынан ыстық ауа әсер етеді.
Өзгидрометтің дерегінше, осыған байланысты күндіз ауа температурасы:
- Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхар, Навои, Қашқадария, Сурхандария облыстарында 44-47 градусқа дейін;
- Ташкент, Самарқан, Жизақ, Сырдария облыстарында 42-45 градусқа дейін;
- Ферғана алқабының облыстары бойынша 41-43 градусқа дейін көтеріледі.
Ведомствоның хабарлауынша, сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін, жекелеген аудандарда 22-25 м/с-қа дейін күшейеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1978607-ozbekstan-sinoptikteri-elde-47-gradusqa-deiin-kun-ysitynyn-aityp-dabyl-qaqty/