Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда аптап ыстықтан төрт мыңнан аса адам ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Өзбекстан
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстанда соңғы үш тәулікте жедел жәрдем қызметіне 130 мыңнан астам қоңырау түскен. Олардың 23,4 мыңы аптап ыстыққа байланысты, деп хабарлайды "Газета.uz" Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жедел жәрдемге қоңырау шалған тұрғындардың дені қан қысымының көтерілуіне, демікпеге және тағы басқа созылмалы ауруларға шағымданған.

Олардың 4215-сі ауруханаға жеткізілген.

Метеорологтар Өзбекстанда аумағында аптап ыстық осы аптаның соңына дейін сақталатынын айтады.

Алдағы үш күнде ел аумағында күндіз ауа температурасы 45 градусқа дейін, солтүстік пен оңтүстікте және шөлді аймақтарда 47 градусқа дейін көтерілмек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Испания мен Португалияда аптап ыстықтан қайтыс болғандар саны мыңнан асқанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар 18 шілдеде Маңғыстау облысының аумағында сынап бағанасы 50,2 градусқа дейін көтерілгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1979497-ozbekstanda-kunnin-qatty-ysuynan-tort-mynnan-astam-adam-auruxanaga-tusti/

pixel