Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістан тарихында екінші рет әйел адам президент болып сайланды

Опубликовано:

Үндістан
Фото: Indian Press Information Bureau / Handout/Anadolu Agency via Getty Images

Үндістандағы президенттік сайлауда Ұлттық демократиялық альянсының кандидаты Драупади Мурму жеңіске жетті. Ол Үндістан тарихындағы екінші әйел президент атанды, деп хабарлайды Times Of India.

Мурму парламент өкілдері, жергілікті штаттар және аумақтық ассамблеялардан сайлаушылардың 64 пайыз дауысын жинады. Осылайша, ол Үндістанның 15-президенті және Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшысы болды. Оның басты қарсыласы, оппоцизия өкілі Яшвант Синх 34 пайыз дауыс жинады.

Қазіргі премьер-министр Нарендра Моди Мурманы сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

"Драупади Мурмудың өмірі, ерте қызметке араласуы, көп жылдық еңбегі және толағай табысы - әрбір үндістандыққа шабыт сыйлайтыны сөзсіз. Бұл біздің азаматтарымыз үшін, әсіресе кедей, тұрмысы төмен және қысым көрген тұрғындар үшін үміт сәулесі іспетті", – деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1979725-undistan-prezidenttigine-ekinsi-ret-aiel-adam-sailandy/

pixel