Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ тұрғыны біруақытта коронавирус пен маймыл шешегін жұқтырды

Опубликовано:

індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны біруақытта коронавирус пен маймыл шешегін жұқтырды, деп хабарлайды Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналы.

Себастопол қаласынан келген ер адамның COVID-19 үшін тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Көп ұзамай ол аяқтарында, қолында және мойнында қызыл дақтарды байқады.

Стэнфорд университетінің медицина профессоры және жұқпалы аурулар жөніндегі маманның сөзінше, маймыл шешегі мен коронавирусты біруақытта жұқтыруға болады. Дегенмен бұл "ғажайып сәтсіздік", өйткені вирустар өте әртүрлі.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы маймыл шешегінің таралуына байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялаудың қажеттілігін талқылады.

Халықаралық ұйым төтенше жағдайлар комитетінің отырысында сарапшылар Еуропа мен Америкада аурудың Африкаға қарағанда неге тез таралатынын айтып, әлемде қазір шешекке қарсы вакцинаның шектеулі қоры бар деген алаңдаушылық білдірді.

Ұйымның сарапшыларының айтуынша, Еуропа мен Африкада аурудың таралуы әртүрлі. Африкада ауру көбінесе баяу таралады, өйткені сырқат ауыр өтеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1979882-aqs-turgyny-biruaqytta-koronavirus-pen-maimyl-sesegin-zuqtyrdy/

pixel